Қазақ жазушысы Леонардо да Винчи сыйлығына ие болды
08.04.2024
66
0

Қазақтың көрнекті жазушысы Роллан Сейсенбаев «Құм кезген өліктер» романы мен әлемдік тыныс-тірлікті әділ әрі терең зерделеген озық ойлы эсселері үшін Леонардо да Винчи атындағы сыйлықтың (Германия-Италия) лауреаты атанды. Бұл марапат­ты қаламгерге Иоганн Вольфганг фон Гете атындағы әдебиет ғылымдары мен білім беру академиялық орталығы және Pegasus Bridge көркемдік бөлімінің тәуелсіз қазылар алқасы арнайы табыстап отыр.
Қаламгердің аталған сыйлыққа ие болуы қазақ әдебие­тінің жетістігі мен табысы деп білеміз. Сыйлығыңыз құтты болсын!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір