«Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қайта оралды
30.10.2023
179
0

«Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайта оралту туралы ұсыныс Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің аузымен Президенттің құлағына жеткен болатын. Маусымның 17-сі күні Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мереке Құлкеновтің «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын қайтару туралы ұсынысын қолдаймын. Бұл атақ атына – заты сай, лайықты туындылары арқылы халық сүйген жазушыларға ғана берілуі керек деп санаймын», – деп қалам ұстаған қауымды қуантып тастаған.


Сонымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қайта оралып, Республика күнінің қарсаңында Төлен Әбдік, Бексұлтан Нұржеке-ұлы, Софы Сматаев, Ахметжан Ашири, Смағұл Елубай, Любовь Шашкова аталған марапатқа ие болды. Елімізде бұрында «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын иеленген қаламгерлер болған. Олар: Жұбан Молдағалиев, Тахауи Ахтанов, Сырбай Мәуленов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза, Қабдеш Жұмаділ, Әбіш Кекілбаев, Максим Зверев, Зия Сәмәди, Морис Симашко, Қуандық Шаңғытбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Мағауин, Фариза Оңғарсынова, т.б. әйгілі ақын-жазушылар еді. Кеңес өкіметі тұсында өз туған жұртының халық жазушысы атанған Шыңғыс Айтматов, Давид Кугультинов, Қайсын Кулиев, Расул Ғамзатов, Эдуардас Межелайтис, Петрусь Бровка секілді көптеген даңқты ақын-жазушылар болды.
Қарап отырсақ, әр елде қаламгерлердің мерейін үстем етіп, еңбегін ерекше бағалайтын сый-сияпаттар бар. Бізде күні кешеге дейін талантты қалам иелері Мемлекеттік сыйлықпен (кейін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталды) марапатталатын. Ақын-жазушысына құрмет көрсетуге шындап көңіл қоя бастаған елімізде «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қайта беріле бастады. Мемлекеттік марапаттарыңыз бен құрметті атақтарыңыз құтты болсын, қадірлі қаламгерлер!
Сондай-ақ араға ширек ғасыр салып «Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы да марапаттар тізіміне қайта енгізілді. Биыл бұл мәртебелі марапат еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхамед Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді.

 
Қазақстанның Еңбек Ері
1. Ізмұхамбетов Бақтықожа

«Отан» ордені
1. Ерман Жүрсін

«Парасат» ордені
1. Әбдешов Заманбек
2. Бегманов Қасымхан
3. Бейсенова Шәрбану
4. Досжан Сәуле
5. Көшбайұлы Отыншы
6. Қыдырханұлы Уақап
7. Шаштайұлы Жұмабай

«Құрмет» ордені
1. Әбдікәкімов Тыныштықбек
2. Әлім Қайсар
3. Әлімбекқызы Ғайни
4. Естен Арасанбай
5. Жандәулет Тұрсынбай
6. Қайырбеков Әділғазы
7. Қарабеков Бауыржан
8. Қожахметова Мағира
9. Қосылбеков Дидар
10. Қырғызбаев Өтеш
11. Қуантаев Нұржан
12. Мырзабек Амангелді
13. Мерекенова Бақыт
14. Рыскелдиев Тұрсынәлі
15. Сақбаев Алмас
16. Серебрянский Юрий

«Ерен еңбегі үшін» медалі
1. Жұманова Заря
2. Жүнісов Ерлан
3. Игіман Жомарт
4. Қарашин Бекет
5. Мамырбаева Ділдар

Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері
1. Аймұхамбет Жанат
2. Әбдезұлы Қансейіт
3. Дайрабай Тынышбек
4. Елғондинова Заида
5. Жиенбай Қуаныш
6. Нұразхан Еркін
7. Иса Қазыбек
8. Қалибекұлы Ғалым
9. Сарин Қалқаман
10. Токин Тұрсынбек
11. Түменбаев Қуандық

ҚР Президентінің
Алғыс хаты
1. Әрін Әміре
2. Байтұрсынұлы Дәулетбек
3. Көсемәлі Сәттібайұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
1. Кәріпжан Аманғазы
2. Мүбарак Бағдат
3. Сарыбаев Бейбіт
4. Тохтияров Иминжан
5. Тікебаева Бүбіш

Сондай-ақ Республика күніне орай ҚР Жазушылар одағының бір топ қызметкері де ҚР Жазушылар одағы Төрағасының Алғыс хатымен марапат­талды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір