БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА
19.02.2026
63
0

«Жақсы істің басына жақсы келер қасына демекші, Алматы қаласындағы» Alatau creativ Hub» үйінің конференция залында таеквандо спортынан жаңадан шаңырағы көтерілген « Халықаралық қоғамдық Одақтың» ресми ашылу салтанатына болып өтті. Алқалы кездесуге осы спорт түрінен елге танымал ардагер бапкерлер мен желтоқсан батырлары келіп қатысты. Осылайша жақсы бір игі істің тұсауы кесіліп жатқанда желтоқсан батырлары да шет қалмай келіп қолдау көрсеткендері көңілге қонады. Өйткені тәуелсіздігімізді жеңіп алып берген батырлардың арасында да спорттың әр түрінен тожарып үлкен жетістіктерге жеткендерінің қатары қалың. Айталық осы отырысқа арнайы келген еркін күрестен кезінде ел біріншіліктерінің жеңімапазы, ардгерлер арасында өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері Дархан Жакешев, еркін күрестен Қазақстан чемпионатың чемпионы Батыр Әлімқұлов секілді желтоқсан батыралары да келіп қатысып, береклі бастамаға қолдау, құрмет көрсетті.

Кездесу бастала салып таеквандо спортынан «JASYN» атты қоғамдық Одақтың құрудағы мақсат, мүддесі талқыланып, пікірталастар болды. Алқалы жиын барысында Кабеков Исатай, Жұмабек Байділдіқажы және Жамали Диханұлы секілді осы спорт түрінің майын ішіп жілігін шаққан елге танымал мамандырдың келіп қатысып, өздерінің ой- пікірлерімен бөлісуі де өте маңызды болды. Ия таеквонда олимпиада ойындарының бағдарламасына сонау 2000ж Сидней олимпиадасында кіргелі бері бұл спорттың әлемге тарау қарқыны күшейгенін көреміз. Жапондар дзюдо, сумо сияқты спорттарын ғаламға таратса, кәрістерде олардан қалмай таеквандосын дамытып қана қоймай олимпиада ойындарына бағдарлмасына кіргізіп қойды. Бұл екі спортқа қызығушылық шартарапта еселеп артып, жасөспірімдер құлшына айналысуда.

Осындай екі елдің ұлттық спорттарына деген сүйспеншілгін, құрметін көре отырып, шіркін біздің төл күресіміз қазақ күресі де олимпиаданы айтпай тұрып азия ойындарының бағдарламасына кірсе ғой-деген арманымыз жанымызды жегедей жеп, ішімізден түртетіні хақ. Ия алла нәсіп етіп, мемлекет тарапынан бетбұрыс, қозғау болса ұлттық күресіміздің де алар асуы болар деген ниеттеміз. Бірін айтып біріне кетсек кешірім сұраймын. Сонымен дөңгөлек үстел барысында жаңадан тұсау кесілген халықаралық таеквандо одағының атқарар жұмыстары талқыланып, Одақтың басқарма мүшелері сайланды. «JASYN» халықаралық қоғамдық Одағығың презиендеті болып Болат Тоқтабайұлы Құрымбаев мырза сайланса, вице-презденті Дамир Нұсұлтанұлы, атқарушы директор Серік Жиенбаевтар бірауыздан көптен қолдау алып бекітілді. Жаңадан іргесі көтерілген Халықаралық таеквандо қоғамдық Одағының негізгі мақсаты өскелең ұрпақты осы спорт түрімен айналысуға жағдай туғызып, Олимп иада, Әлем, Азия жарыстарында еліміздің намысын абыроймен қорғайтын дарынды таеквандо шеберлерін дайындап шығару болып табылады. Қазіргі таңда таекванда спорт түрінен әлем ареналарында табысты өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздарымыздың қатары көбейіп келеді. Әсіресе қазақ жастарының айтулы спортқа деген құмарлығы ерекше.

Ата-бабамыз батыр халық болған соң жекпе-жек өнері қазаққа өзге спорт түрінен бір табан жақын екенін жасыра алмаспыз. Сондықтанда осы бір аламан спорт түріне бел шеше белсене тағы бір су жаңа таеквандо одағы қосылуға кіріскелі тұр екен. Ендеше алдынан жарылқасын дейміз. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» -демекші қазақ қашанда үлкен бір істе бастар алдында не болмаса сапарға аттанар алдында ақсақал, абыздардың ақ батасын алу ежелден келе жатқан көне дәстүріміз екені белгілі. Алқалы жиын соңында атақты жыр алыбы Жабыл бабымыздың шөбересі, желтоқсан ардагері Мұратхан Жамбыл Әлімханұлы ата-баба дәстүрімен қол жайып ақбатасын берді. Енді тек осы берекелі бастаманың жемісін көру жолында табанды еңбек ету жаңадан құрылған қоғамдық Одақтың алдында тұрған негізі мақсат.

Ақын Ордабайұлы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір