Берекелі мереке
21.03.2024
1081
0

Алматы қаласы Орталық­тан­ды­рыл­ған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана-бөлімшесінде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Берекенің Ұлы мерекесі – әз-Наурыз» ат­ты мерекелік этнофестиваль ұйымдастырылды. Этнофестиваль аясында «Ұлы күні әз-Наурыз» ат­ты көрме қойылды. Көрме «Салт-дәстүрім – береке», «Қазақтың ұлт­тық тағамдары», «Наурыз көктем, жыр-думан», «Өнерлі елдің өресі биік», «Қолөнер – сырлы өнер» ат­ты бөлімдерге бөлініп, әдеби шолу жасалды.


Наурыз – жыл басы. Халықты ынтымаққа, ұйымшылдыққа, береке-бірлікке бастайтын ұлық мейрам. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – елімізде бейбітшілік пен достықты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», – деп атап көрсеткен болатын.
Мерекелік іс-шараға «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ Алмалы ауданы бойынша төрайымы Рая Асылғазықызы бастаған ақ әжелер, белгілі қаламгерлер, ғалымдар, білім беру саласының қызметкерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ кітап­хананың үздік оқырмандары, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының және П.Чайковский атындағы музыка колледжінің өнерпаздары мен Алматы Полиграфия колледжінің студент­тері қатысты.
Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шарада «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» ат­ты халқымыздың «шашу», «көрісу», «тұсаукесер», «тілашар» және т.б. салт-дәстүрлерінен көріністер қойылып, әдеби ұлт­тық ойындар ойналып, «Дайдидау», «Үш Меркі», «Көкшолақ», «Бастау» ат­ты халық әндері орындалды.

Арайлым ТАЙЫРҚЫЗЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір