Бірге әрекет еткенде ғана өзгеріс болады
22.11.2025
144
1

СДБАММИК-нің базасында қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында қалалық интерактивті семинар-тренинг өтті. Шара «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» аясында ұйымдастырылып, тек ақпарат беру ғана емес, сонымен бірге жастардың, ата-аналардың және педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттырып, адами ұстанымын қалыптастыруға бағытталған ашық алаң ретінде өтті.

Семинарға қатысқан қонақтар өзекжарды пікірлерді ортаға салып, оййларын білдірді. Алматы қаласы Білім басқармасының өкілі Гульхан Жумагулова жастар арасындағы қауіпсіз орта қалыптастырудың өзектілігі мен білім беру ұйымдарындағы алдын алу жұмыстарының маңызын атап өтсе, СДБАММИК басшысы Жамила Танабаева студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру және зорлықтың кез келген түріне бейжай қарамаудың қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Ал оқу орнының жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі психолог-сарапшысы Сәуле Мұратқызы, құқықтық қолдау орталығының заңгері Любовь Мирманова, полиция майоры, тұрмыстық зорлыққа қарсы бөлімнің аға инспекторы Айгерім Нұрланқызы, Алматы қаласы ПД Ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры – Бисенова Зарина, Алматы қаласы Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Дарубаев Дамир Маратұлы, Алматы облыстық адвокаттар алқасының заңгері, Қонаев колледжінің заң пәндері оқытушысы Нурпеисов Ғалым, Жастар Рухы ЖК төрағасы, Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Ділдабек Дидарбек, ата-аналар комитетінің өкілі – Раенко Е.Н., студенттік өзін-өзі басқару белсендісі, СДБАММИК-нің 1 курс студенті Давлятов Нұрсұлтан тақырыпқа сай сөз алып, ой қосты. Осындай ортақ диалог пен ашық талқылау арқылы ғана жасөспірімдер мен жастар арасында зорлықтың алдын алуға болады.

М.Маулина

ПІКІРЛЕР1
Аноним 15.12.2025 | 18:12

Тамаша

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір