«Жастармен бірге!» ұлттық декадасы

13 тамызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «AMANAT» партиясының Есіл филиалымен және Есіл ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда Халықаралық жастар күніне орай 3 тамыз – 12 тамыз аралығында «Жастармен бірге!» ұлттық декадасы өтті. Оған ел бойынша 1 миллионнан астам адам қатысып, 5000-нан аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Декаданың негізгі бағыттары жұмыспен қамту, нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға, сондай-ақ ұлттық сананы нығайтуға бағытталған. Аталмыш шара ұлттық декаданың қорытындысы ретінде өтті.