«Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі
02.12.2025
34
0

ҚР Ұлттық орталық музейінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына, Мұхамеджан Қаратаевтың 115 жылдығына, Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына, Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына, Адам Мекебаев пен Мұхтар Мағауин­нің 85 жылдық мерейтойларына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы Бас­қар­ма төрағасының орынбасары, жазу­шы Бейбіт Сарыбай және жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев кіріспе сөз сөйлеп, көрменің құндылығын атап өтті.
Көрмеге арнайы шақырылған М.Қаратаевтың туысы Шоқан Оразаев пен келіні Жәмилә Құланбайқызы өз естеліктерімен бөліссе, Адам Мекебаевтың туыстары да музей ұйымдастырушыларына алғыс сезімін білдірді.
Көрменің тағы бір маңызды тұсына тоқталсақ, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені ҚР Ұлттық орталық музейінде өткен «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесіне жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойы аясында қатысты. Сәбит Мұқановтың музей-үйінен көрмеге жазушының жеке және тұтынған заттары: «Адмираль» кинокамерасы, күмістен жасалған жазу құралы жиынтығы, алтын қолсағаты, магнитофон-диктофоны, костюм-шалбары, Жазушылар одағына мүшелік билеті, әскери билеті және депутаттық билет­тері, сондай-ақ жазушының фотосуреттері қойылды. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір