Мен өмірді қалаймын…
10.11.2025
63
0

Мен өмірді қалаймын
Өзіңді өзің қолға алып,
Қанағат қылып өміріңді сүр, барда нық.
Жаманшылықтан жаныңды сақта қорғанып,
Тартпауың үшін жалғанның мынау азабын,
Есірткіге еріп кетпеуің керек, қазағым,
Нашақорлыққа жол жабық.

Денсаулық үшін шын ойлан,
Әдеттеріңнен ада боп қал да жылайман.
Пәк жүрегіңе шуағын шашар шырайлы ән,
Қараңғылықтан аулақ бол зиян қоғамнан,
Айналаңдағы ұялып барша адамнан,
Қорқуың керек құдайдан.

Тартынбай ұлың жырлайды,
Өмір дегенің қызық көруден тұрмайды.
Мұсылман адам келген сынаққа сынбайды,
Шайтанның өрген торлап барады өрмегі,
Есірткі деген — есі кеткеннің ермегі,
Қоғамға бүгін мұң-қайғы.

Ойыма келді жыр тағы
Нашақорлық қазақты мынау құртады.
Жастардың көбін қапасқа апарып қымтады,
Қалмайық біздер дамыған елдің көшінен,
Нәпсіңе еріп, адасып кетпе, өтінем,
Тәуелсіздіктің ұрпағы!

Өмірзақ Бауыржан
Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің
оқушысы, Жалағаш ауданы,
Қызылорда облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір