Мен салауатты өмірді қалаймын
11.11.2025
101
0

Мен өмірді қалаймын таңның нұрын,

Бейбіт өмір, құстардың шаттық үнін.

Жүрек толы үмітпен армандарға,

Бақыт іздеп барамын алға бүгін.

 

Мен өмірді қалаймын толы шаттық,

Жүректегі жылулық берген бақыт.

Аспан ашық, нұр шашқан күн де

Сол үшін де өмірдің мәні артық.

 

Мен өмірді қалаймын еркін, асқақ,

Армандарға жетемін іспен бастап.

Тек жүрегім тоқтамай алға өрлеп,

Ақ жолменен алға қадам бастап.

 

Мен өмірді қалаймын әр күнімде,

Жақсылық пен мейірім жүрегімде.

Өмір деген- ғажайып түсінгенге,

Жүрек шексіз ғашық бұл өмірге.

 

Құттымырза Әсел,

Елеу Көшербаев атындағы

№279 мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы, 

Ақай ауылы,

Қармақшы ауданы,

Қызылорда облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір