ЕҢБЕКТЕНГЕН БАЛА ҚАЙ ҚИЫНДЫҚТЫ ДА ЖЕҢЕДІ
10.06.2016
2378
0

Гани Бектайулы2Нарықтық қатынас­тарда бай мен кедейдің болатыны әлемдік тарихтан белгілі. Сұрақтың арғы түйткіліне терең үңілетін болсақ, нарықтық заманға баланы қалай дайындау керек, нарықтық заманда кез келген баланың бағын қалай ашуға болады деген мәселеге тірелеміз.


Ғани БЕКТАЙҰЛЫ,
психолог

 

«Кедейлік туғаннан маңдайға жазыл­май­тын болар, тұрмысы төмен отбасында дүниеге келген балалардың үлкен мақ­саттарға жетуіне мүмкіндік бар ма? Әл­де әлеуметтік статусы төмен күйі қала бе­ре ме? Бұдан шығудың жолы бар ма?», – деген көп сұрақ туындайды. Әлем­де­гі ­же­тістікке жеткен атақты адамдардың өмір тарихына көз жүгіртсек, олардың бар­лығы дерлік жоқшылықтың құр­са­уын­да болған адамдар. Қазақстандық Се­рікбол Бейсенбек те «Өз өмірің өз қо­лың­да» атты кітабында өз ісін қалай бас­­тағанын, жетістікке жету жолында қан­дай қиындықтан өткенін нақты жаз­ған. Жоқшылықтың дәмін татқан бала өмірге бейім боп өседі. «Піскен асқа тік қа­сық» болып, молшылыққа малынып ер жеткен бала жылыжайда өскен өсім­дікке ұқсайды. Сыртқа шығарсаңыз со­лып қалады. Ал тағдырдың қиын­ды­ғы­на пісіп өскен адамның мінезі сал­мақ­­ты келеді. Әр нәрсенің қадіріне жете ала­ды. Бір аңыз әңгімені мысалға ала-
йын. Әңгімелесіп отырған екі кісінің бі­­реуі­нің тұрмысы нашар екен, оған осын­дай кедейлікке қалай душар болды­ңыз де­ген сұрақ қойылыпты. Әлгі адам оған мен жоқшылықта өстім, әкемде жұ­­мыс болмады, анам да табыс таба алмады, сон­дықтан осындай жоқшылықта қал­дым – бұл менің тағдырым деп жауап қа­тыпты. Екіншісі, сіз бай қуатты екен­сіз, табысқа қалай жеттіңіз деген сұраққа, менің әкем жұмыссыз еді, анамның да сауаты жоқ болатын.., – деп әңгіме бас­тапты. Яғни адамның өмірге деген көз­қара­сы қалай қалыптасса әр күнін сол көз­қа­распен өткізеді. Егер сіз әр қиын­дықты мүм­кіндік ретінде қабылдайтын бол­саңыз, табысқа жетесіз. Ал әр мүм­кін­дікті қиындық деп білсеңіз, онда қиын­­дықтан көз ашпай ғұмыр кешесіз. Адамның өз өмірі өз қолында. Жалпы сайысқа түсу мен жеңіске деген талпы­ныстың игі әсе­рі болмаса, кері ықпалы бар деп ойламай­мын. Кезінде патшаның, әсіресе, хандық тақ­қа таласқан адам­дар­дың балалары, тіп­ті әлі күнге дейін шетел­дегі хан тұ­қы­мы­ның балалары ар­на­йы жабық мектепте оқиды. Менің ес­туімше ол жерде ба­ла­лардың төзімін шыңдау үшінкөше сы­пыртқызып, еден жуғызады екен. Егер ста­тистикаға мән берсек, билік басына ке­летін адамдардың 80-90 пайызы тұр­мысы төмен отбасында өскен балалар. Ал молшылықта өмір сүрген адамдардың балалары көп жағ­дай­да биік мансапқа же­те алмайды. Жет­кен күнде өзі бас­шы­лық еткен меке­мені гүлдендіруі өте сирек. Ыбырай Ал­тын­сариннің «Асан мен Үсені» оған қай ракурстан қарайты­ныңыз­ға байланыс­ты. Жарлы баласы кім еді? Жұртта қал­ған балаларды қиын­дық­тан Үсен аман алып шықты ма, Асан ба? Үсен. Егер екеуі де Асан секілді икем­сіз болған­да ауылды таба алмас еді. Көр­діңіз бе?.. Өмір­де Үсендердің көп болғаны жақ­сы. Егер Үсендер басшылыққа келіп, алға шығатын болса, біздің мемлекетіміз ны­ғая түседі.  Асандар келсе мемлекет әл­сірейді, Ыбырай Алтынсариннің айт­па­ғы да осы. Кім болсаң да еңбекке бейім, қиындыққа төзімді болғаның жөн. Же­ңіс қашанда еңбекшіл адамның жа­ғында.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір