«Кінәлі өлең десе, сенбе, көкем!..»
11.11.2025
65
0

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Сәрсен Қадырдың «Кінәлі өлең десе, сенбе, көкем!..» атты шығармашылық кеші өтті.

Шараны ақын, «Ақпарат саласының үздігі», Құрмет орденінің иегері Әнуарбек Бимағамбет жүргізді.
Кеш барысында ақынның «Өткінші жаңбыр» атты жаңа жыр кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарға таныстырылды.
Қазақстан Жазушылар одағының Маңғыстау облысы бойынша өкілі Сұлтанбек Құдайберген Бейнеу жұртына Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің арнайы құттықтауын жеткізді.
Шара барысында ақынның сөзіне жазылған сыршыл әндер орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір