Шерхан Мұртазаның қолжазбалары ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды
04.11.2025
112
0

25 қазан – Республика күні қарсаңында көрнекті жазушы, мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның қолжазбалары мен құнды құжаттары Астана қаласындағы Ұлттық архивке ресми түрде табыс етілді.

Құжаттарды мұрағатқа табыстау шарасына белгілі қоғам қайраткерлері, жазушының туыстары, әдебиет­танушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Тапсырылған құжаттар қатарында жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты бұрын еш жерде жарияланбаған сирек фотосуреттері, жеке хаттары, жазба дәптерлері мен басқа да тарихи-мәдени маңызы зор құжаттары бар. Жалпы жиыны архивке Шерхан Мұртазаның 6 мың парақтай қолжазбасы тапсырылған.
Айта кетейік, қаламгердің мұраларын жинақтап, сақтап, оны ҚР Ұлттық архивіне ресми түрде табыстаушы «Қазақ газеттері» серіктестігінің «Egemen Qazaqstan» ұжымы. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір