АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЛАЛАР ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ
20.05.2025
78
0

Жуырда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, елордалық Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған үш аула салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Аулаларды абаттандыру жұмыстары аясында балалар ойын алаңдары жаңартылып, «workout» құрылғылары орнатылды, сондай-ақ демалыс аймақтары жасақталып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Ашылу салтанатында аула мерекесі өтіп, бала­ларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Тұрғындар алғыс ретінде аулаға кең дастарқан жайды.
Абаттандыру жұмыстары ауданның басқа да аумақтарында белсенді жалғасуда. Ағымдағы жылы барлығы 88 аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Оның 18-і кешенді абаттандырылса, 70-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі
Аулаларды абаттандыру жұмысы аясында балалар ойын алаңдары жаңар­тылып, «workout» құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ демалыс аймақтары жасақталып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
– Абаттандыру жұмыстары ауданның басқа да аумақтарында белсенді жалғасып жатыр. Биыл барлығы 88 аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Оның 18-і кешенді түрде абат­тандырылса, 70-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, – деді  Байқоңыр аудандық әкімдігінің Абат­тандыру бөлімінің басшысы Рахат Кенжетаев.
Жоба тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында көпшіліктің ортақ ұсынысымен жүзеге асырылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір