Жұмабай Шаштайұлын еске алу кеші өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Өзгермеген адам» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға жазушының шәкірттері, әріптестері, қаламгерлер мен отбасы мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш аясында жазушыға арналған естелік кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар қаламгердің шығармашылық жолы, өмірлік ұстанымы және ел игілігі жолындағы еңбегі жайлы естеліктер айтылды. Қазақстан Жазушылар одағынан арнайы барған Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы жазушының жары Жексебайқызы Әсемхан апайдың иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Жинақта жазушының архивтік материалдары, замандастарының пікірлері мен сирек фотосуреттері қамтылған. Сондай-ақ кітапта оның әдеби мұрасы мен тұлғалық болмысына қатысты маңызды деректер ұсынылған.