Таласбек Әсемқұловтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
30.09.2025
245
0

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, киносыншы, этнограф, күйші Таласбек Әсемқұловтың туғанына 70 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Шараға мәдениет қайраткерлері, әдебиеттанушылар, қаламгердің әріптестері мен шәкірттері қатысты. Кеш барысында қаламгердің рухани мұрасы мен әдебиет, музыка, этнография саласына қосқан үлесі кеңінен талқыланды.
Еске алу кешін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғ.Нұрғалиева ашып берді. Кеш барысында жазушының жары, қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, сценарист, философия ғылымдарының кандидаты (PhD) Зира Наурызбай, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұрысбек Сәукетай, күйші, Қазақстанның Халық артисі Секен Тұрысбек, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары Қали Сәрсенбай, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова, жазушы Дидар Амантай, ақын Қорғанбек Аманжол, аудармашы Айнагүл Садықова Таласбек Әсемқұловтың рухани келбетіне сан қырынан үңіліп, естеліктерін, ұсыныстарын айтты.
Еске алу кеші Таласбек Әсемқұлов­тың шығармашылық жолын жас ұрпаққа таныту мен ұлттық рухани құн­ды­лық­тарды дәріптеуге арналған маңыз­ды мәдени іс-шара болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір