19 МАМЫР – АТАТҮРІКТІ ЕСКЕ АЛУ, ЖАСТАР ЖӘНЕ СПОРТ КҮНІ
13.05.2024
116
0

 

Түркияда 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні. Осы орайда, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы Республика сарайында салтанатты кеш өткізді.

Мерекелік кештің ашылуында Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерислғлұ: «Ұлтымыздың егемендік жолындағы күресі осыдан тура 105 жыл бұрын басталып, тәуелсіздік жолындағы қасиетті күресіміздің алғашқы алауы бүгін тұтанды. 19 мамырды тағы бір мәнді ететін нәрсе – Ататүрік өзінің әлемде сирек кездесетін кемеңгерлігімен бұл күнді жастарға сыйға тартып, Республиканың мызғымас қорғаушысы ретінде жастарға аманат етіп қалдырды. Республика құрылған алғашқы жылдары елде үлкен ағартушылық бастамалар қолға алынып, жастардың білім алуына үлкен инвестиция құйылды. Сол қиын-қыстау күндердің өзінде мүмкіндігі шектеулі бұл жас Республика сол кездегі заманауи өркениет қамалы атанған елдерге сан саладағы жастарды білім алу үшін дамыған елдерге жолданды. Өйткені жас ұрпақ ұлттың үміті еді. Түркия Республикалық төңкерістердің шеңберінде өнеркәсіптен – өнерге, ғылымнан әдебиетке дейін қоғамдық өмірдің әр саласында үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде еліміз информатика мен қорғаныс өнеркәсібі сияқты технологияны көп қажет ететін салаларда да табыстарға қол жеткізді. Еліміздің даму қарқыны артқан сайын бізге білімді де білікті жастар қажет», – деді.

Түркия Республикасын құрушы тұлға – Мұстафа Кемал Ататүрік балалар мен жастарға қатты үміт артты. Сол себепті білім мен ғылымға, тың жаңалықтарға жастарды жұмылдыруға тырысты. Пойызға мініп, Еуропа елдерін бетке алған түрік жастарына жеке-жеке хат жазып, құлшынысын арттыруға тырысты.
Мерекелік шара шеңберінде алматылық балалар мен жастар концерт ұйымдастырып, жиналған жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Нәзия Жоямергенқызы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір