ЕЛДІҢ ЕКІ АҚЫНЫ ТҮРКИЯДА
10.06.2016
1073
0

Жақында Түркияның Елазық қаласында түркі ақындарының «Хазар шиир ақшамлары» атты халықаралық поэзия фестивалі 23-ші рет өтті. Елазық қаласының әкімдігі мен Еуразия Жазушылар одағы ұйым­дас­тыр­ған фестивальге Қазақстанның Түр­киядағы елшілігінің шақыртуымен ақындар Кәдірбек Құныпияұлы мен Саят Қамшыгер қатысты.

Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзір­байжан, Косово, Ирак, Татарстан, Га­гаузия сияқты бірнеше елдің ақын­дары қатысқан поэзия мерекесі төрт күнге созылды. Еліміз­ден барған екі ақын  осы поэзия мере­ке­сінде өз өлең­де­рін қазақ тілінде оқып,  дип­ломант атанып, сыйлықтарға ие болды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір