Ескерткіш тақта орнатылды
Белгілі жазушы, публицист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы Төлен Қаупынбайұлының Алматы қаласындағы тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қаламгердің туған-туыстары, әріптестері, журналистер мен жазушы қауым қатысты. Шара тізгінін Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай ұстады.
Шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржеке-ұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет бастаған азаматтар Төлен Қаупынбайұлы туралы естеліктер айтып, оның шығармашылығы мен азаматтық қайраткерлігіне тоқталды.