«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»
02.09.2025
1081
2

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Еліміздің инженерлік саласының көшбасшысы болып саналатын, Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясы Қазақ­стан Жазушылар одағымен бірлесіп «Еңбек адамы – 2025» республикалық байқауының тұсауын кесті. Бұл байқау – әдебиет­тегі жұмысшы инженерлер бейнесі, қалың өндірістің ортасында табанақы, маңдай термен ел игілігіне ерен еңбегімен олжа салып жүрген мыңдаған еңбек адамының тыныс-тіршілігі бейнеленген шығармалардың байқауы болатыны хақ. Іске сәт, қаламгерлер!

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек­тегі Қазақ­стан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашан да құрмет­ті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айт­қанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиет­тер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арт­тырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыт­тағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», – деп мәлімдеді Тоқаев.
Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаннан ке­йін жұмысшы мамандығының қоғамдағы беделін арт­тыру, еңбек адамына лайықты құрмет көрсету және кәсіби шеберлікті дамыту мақсатында елімізде бірталай іс-шаралар өтіп жатыр.
Еліміздің инженерлік саласының көшбасшысы болып саналатын, Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясы осы орайда Қазақ­стан Жазушылар одағы мен бірлесіп ұйымдастырып отырған «Еңбек адамы – 2025» байқауы – шабыт­тандыратын іс-шара деп атап айтуға болады.
Байқауды ұйымдастыру жөніндегі ресми құжатқа Қазақ­стан Жазушылар одағының төрағасы, белгілі жазушы Мереке Құлкенов пен Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов қол қойды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықаралық стандарт­тар мен тәжірибені ескере отырып, инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың ұлт­тық моделін әзірлеу тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға арналған Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясы жұмыс жоспары бекітілген болатын.
Академия құрылымына жетекші өңірлік университет­тер базасында ұйым­дастырылған 12 аймақтық филиал, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейтін 35 ғылыми-техникалық және инженерлік орталықтар кіреді. Академияның 12 салалық бөлімдері ел экономикасын дамытудың барлық басым бағыт­тарын қамтиды.
Жұмысшы мамандықтары жылының жартыжылдық жұмысы қорытындылануда осы рет­те Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясының ғылыми және инженерлік салалардағы позицияларын нығайту, еліміздің инфрақұрылымы мен экономикасын жаңғыртудағы рөлін арт­тыру және халықаралық ғылыми-инженерлік ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту мақсатында біршама жұмыстар атқарылғанын айтуға болады.
2025 жылдың сәуір айында Қарағанды индустриялық университетінде ел инженерлерінің басын қосқан маңызды шара өт­ті. «Инженерлік еңбектің беделін арт­тырудағы ғылымның рөлі» ат­ты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция­ны Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясы Қарағанды облысындағы филиалымен бірлесе ұйымдастырды. Іс-шараға академия­ның президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов жетекшілік ет­ті. Бұл бастама – еліміздің ірі өндірістік орталығы саналатын Қарағанды өңірінде инженерлік білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ қоғамда инженер мамандығының маңызын арт­тыруға бағыт­талған маңызды қадам болды.
Инженерлік білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту – бүгінгі күннің басты стратегиялық бағыт­тарының бірі. Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясы осы мақсат­та өңірлік деңгейде нақты шаралар қабылдап, ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелерді күн тәртібіне шығарып келеді.
Өткен жарты жыл ішіндегі маңызды іс-шаралардың бірі – академия төралқасы мен академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың басшылығымен еліміздің ірі өндірістік өңірі Қарағанды облысының Теміртау қаласында орналасқан академияның облыстық филиалы мен Қарағанды индустриялық университетінің базасында 2025 жылғы сәуір айында ұйымдастырылған «Инженерлік еңбектің беделін арт­тырудағы ғылымның рөлі» ат­ты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды.
Академик Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде конференцияны индустриясы дамыған өңір – Қарағанды облысында өткізудің маңыздылығына тоқталып, Теміртау қаласын қазақ­стандық инженерлік талант­тың символы ретінде атап өт­ті.
Мемлекет­тің инженерлік білім беруді дамытудағы күш-жігеріне назар аударылғандығын: грант­тарды ұлғайту, ғылымды қаржыландыруды ұлғайту, білім саласына цифрлық технологияларды енгізу, университет­тер мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы белсенді серіктестікті нығайту қажет­тіне тоқталды.
Конференция ғылымның инженерлік еңбектің беделін арт­тырудағы рөлін талқылауға, инженерлік еңбектің маңыздылығын арт­тыру үшін ғылым, бизнес және білімнің тиімді ынтымақтастық үлгілерін зерт­теуге, негізгі үрдістерді анықтауға және жастар мен қоғам арасында инженерлік мамандықтарды насихат­тауға арналған ұсыныстар әзірлеуге бағыт­талған болды.
Конференция аясында ҚР ҰИА президенті, академик Б.Т.Жұмағұлов бастаған конференцияға қатысушылары мен қонақтары «Qarmet» АҚ зауытына экскурсия жасады. Мұнда металлургиялық зауыт­тың жүрегі, атап айт­қанда, домна өндірісін көрді. Конференцияға қатысушылар металлургия өнеркәсібінің даму перспективаларын, сондай-ақ ғылым мен өндірістің өзара әрекет­тесуін талқылады. Бұл іс-шара идеялар алмасу және жаңа кәсіби байланыстар орнату үшін тамаша алаң болды.
2025 жылғы мамыр айында Қостанай қаласында Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясының кеңейтілген көшпелі төралқа отырысы өт­ті. Іс-шара академияның Қостанай облысындағы филиалында ұйымдастырылды. «Инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудағы жаңа тәсілдер. Ғылым мен өндіріс арасындағы тәжірибелік байланысты дамыту» тақырыбын арқау еткен бұл жиын инженерлік білім беру мен өндірістік практиканы жақындастыруға бағыт­талған өзекті мәселелерді талқылаған мазмұнды алаңға айналды.
ҚР ҰИА Президенті, академик Б.Т.Жұмағұлов өз сөзінде индустриясы дамыған өңір – Қостанай облысында кез­десуді өткізудің маңыздылығына тоқталып, Қостанай қаласы мен облыс ел экономикасында және «Жұмысшы мамандығы жылын» жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын машина жасау, металлургия және тамақ өнеркәсібінің, жоғары технологиялық өндірістің өсуінің қозғаушы күші екенін атап өт­ті.
Төралқа отырысында облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен қатар ҚР ҰИА облыстық филиалының басшылары мен мүшелері, орталық және жергілікті мемлекет­тік органдардың өкілдері, еліміздің Орталық және Солтүстік өңірлеріндегі жоғары оқу орындарының ректорлары, Қостанай облысындағы ірі кәсіпорындардың басшылары, ғалымдар, инженерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«СарыарқаАвтоПром» – Қазақ­стандағы автомобиль өндірісін жүзеге асыратын «Аллюр» компаниялар тобына қарасты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Зауыт басшылығы өз баяндамаларында компанияның жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау, сондай-ақ өндіріс қажет­тіліктеріне сай ғылыми жобаларды бірлесіп әзірлеу мақсатында университет­термен және ғылыми-зерт­теу институт­тарымен тығыз әріптестікке дайын екенін ерекше атап өт­ті.
Сонымен қатар «Аллюр компаниялар тобы» АҚ университет басшылығы инженерлік технологиялар және өндірісті басқару бағыт­тары бойынша жоғары деңгейлі мамандарды даярлау­дың жаңа кезеңі басталғанын жариялады. Қазіргі таңда Аллюр университеті – білім, ғылым және бизнестің интеграциясына негізделген заманауи оқу орны ретінде ерекшеленеді. Бұл тәсіл заманауи өндірістің талаптары мен болашақтың кәсіби құзырет­теріне сай инженерлер мен менеджерлерді даярлау­ға тиімді мүмкіндік беретін жаңа білім беру моделіне айналып отыр.
Іс-шара бағдарламасында инженерлік қызмет­тің даму тенденциялары, ғылыми-инженерлік қоғамдастықтың, білім беру және өндірістік ұйымдардың тиімді ынтымақтастығы жолдары туралы кең ауқымды талқылаулар болды.
Облыстағы инженерлердің, Еңбек адамдарының қатысуымен өткен осы Төралқаның көшпелі отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай еңбек адамының, әсіресе инженер, жұмысшы мамандарының мәртебесін көтеру, адал еңбекті дәріптеу арқылы ел экономикасын көтеру болып саналады.
Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясы Төралқасының шешімімен Теміртау және Қостанай қалаларындағы Қазақ­стан Республикасында тау-кен, металлургия және машина жасау саласын дамытудағы ерекше қызмет­тері үшін еңбек етіп жүрген өндіріс инженерлері мен жұмысшыларға, білім беру қызметкерлеріне «Қазақ­стан Республикасының инженерлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапат­талды.
Бұл көшпелі төралқа отырысы инженерлік кадрлар даярлау ісінде тың көзқарастар мен өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ғылым мен өндіріс арасындағы тәжірибелік байланысты нығайту – еліміздің техникалық дамуына серпін беретіні сөзсіз. Академия бұл бағыт­тағы жұмыстарын алдағы уақыт­та да жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Жалпы қорыта айт­қанда, Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясы мен Қазақ­стан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырып отырған «Еңбек адамы – 2025» байқауының басты мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандардың қоғамдағы мәртебесін арт­тыру, жастарға үлгі көрсету және еңбек адамына лайықты құрмет білдіру. Өндірісті жаңғырту, еліміздің индустриялық дамуы мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету – кәсіби инженерлер мен жұмысшы мамандардың қажырлы еңбегінсіз мүмкін емес екендігін ерекше атап өткіміз келеді.

Рахман Алшанов,
ҚР ҰИА вице-президенті,
Тұран университетінің ректоры,
ҚР ЖОО қауымдастығының президенті, академик

Бүгінгі таңда Қазақ­стан әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекет­тердің қатарында. Мұнай өнеркәсібі ел экономикасының 25%-дан астамын қамтып, ұлт­тық табыстың маңызды бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар табиғи газ өндіру саласы да қарқынды дамып келеді. Ел аумағындағы Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындары мұнай мен газ өндірудің негізгі орталықтары болып табылады. Әсіресе Қашаған олардың арасындағы әлемдік деңгейдегі ауқымды жобалардың бірі ретінде ерекшеленеді.
Мұнай-газ, тау-кен және энергетика салаларынан бастап, ауыл шаруашылығы мен машина жасауға де­йінгі экономиканың барлық бағыт­тарында инженерлер мен жұмысшы мамандық иелері ел дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, ұлт­тық индустрияның алға жылжуына негіз қалайды.
Өздеріңізге белгілі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев билігі­нің алғашқы күнінен бастап, Қазақ­станның болашағы инженерлік кадрларды дайындау сапасына тікелей байланысты екенін дәйекті түрде атап өт­ті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Бұл – еңбек пен жұмысшы мамандықтары өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше мойындаудың символы.
Қазақ­станның өндірістік секторы ел экономикасының негізін құрайды.
Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихат­тауды көздейді. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арт­тырары анық.
Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағыт­талған.
Сонымен қатар біздің басты мақсатымыз – еңбекке құрметпен қарайтын, заман талабына сай білікті инженер мамандарын дайындау.
Қазақ­стан Жазушылар одағы мен Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясы бірлесе отырып «Еңбек адамы – 2025» байқауын ұйымдастыруы, Мемлекет басшысының осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағандығын әдеби шығармалар арқылы еңбек адамының бейнесін ашатын, беделін көтеретін байқау деп есептеймін.
Академик Бақытжан Жұмағұлов басқарып отырған Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясына биыл 35 жыл. Осы 35 жыл бойы Инженерлік академия батыл инженерлік идеяларды өмірге әкелетін, ең күрделі мәселелердің инновациялық шешімдерінің көшбасшысы болып табылатын еліміздің үздік техникалық ой-өрісін біріктірген елеулі ұйымға айналды.
Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясының ел экономикасын дамытудың барлық басым бағыт­тарын қамтиды: геология, мұнай-газ және тау-кен металлургия өндірісі, мұнай-химия технологиялары, агро­өнеркәсіптік машина жасау, ғарыштық технологиялар, сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары, коммуникациялар, экология, экономика, энергия және энергия үнемдейтін технологиялар, есептеу және ақпарат­тық технологиялар, тамақ өнеркәсібі, халық тұтынатын тауарлар, көлік және коммуникациялар, жасанды интелект.
Еліміздің өңірлерінде, түрлі өндіріс саласында ғылыми-инновациялық әлеует­ті дамыту мақсатында академияның мүшелері еңбек етуде.
Осы салалардағы инженерлердің, заманауи технологияны меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті жұмысшы мамандарды даярлау үшін жоғары Еуропадағы инженерлік акдемиялармен, оқу орындарымен академия ынтымақтастық туралы меморандум­дарға қол қойды. Оның мақсаты ғылыми және инженерлік қызмет­тің тиімді дамуы мен тиімділігін арт­тыруға жәрдемдесу және оларға Қазақ­стан мемлекеті, экономикасы және қоғамы тарапынан сұранысты арт­тыру үшін жемісті ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады.
«Жұмысшы мамандықтары жылы» ел экономикасы тек техникалық ғана емес, рухани серпін алатын жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Осы орайда Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық инженерлік академиясының инженерлік корпусы үлкен бастаманың басында тұр.
Міне, еңбек еріксіз борыш ретінде қабылданбай, ар-намыс пен ұлт­тық мақтаныштың символына айналуы үшін құндылықтарды қайта қарастырып, ойымызды өзгертуіміз керек. Экономика үшін бұл дәстүрлі салаларға білікті мамандар мен инновациялар ағынын, сондай-ақ Қазақ­станның әлемыдік аренадағы бәсекеге қабілет­тілігін күшейтуді білдіреді.
Қоғамға заманауи, серпінді мемлекет­тің іргетасын құрайтын, табандылықты, алғырлықты, адалдықты, парасат­тылық пен білімдарлықты, ерекше қабілет­ті еңбек адамдарына, жұмысшы мамандарына деген құрмет­ті жаңғыртуға мүмкіндік берілді.
Орта буын кадрларының тапшылығы мәселесін шешу үшін, ең алдымен, инженер мамандықтарының, жұмысшы беделін қалпына келтіру қажет және бұл мәселені жүйелі шешу маңызды. Тек жүйелі кешенді жоспар қажет. Бізде талант­ты, қабілет­ті жастар көп. Оларда негізгі құндылықтарды бойына сіңіруі керек. Себебі жұмысшы мамандарсыз елімізде индустриялық даму, өндірісті жаңғырту мен экономикалық тұрақтылықты сақтау мүмкін емес.
Бүгінде біздің мемлекет еңбекке лайықты құрмет көрсету үшін барлық жағдайды жасап жатыр.
«Еңбек адамы – 2025» республикалық байқауы – әдебиет­тегі жұмысшы инженерлер бейнесі, қалың өндірістің ортасында табанақы, маңдай термен ел игілігіне ерен еңбегімен олжа салып жүрген мыңдаған еңбек адамының тыныс-тіршілігі бейнеленген шығармалардың байқауы болатыны хақ.

Ұзақбай Қарабалин,
ҚР ҰИА академигі, «KAZENERGY»
ассоциациясы төрағасының орынбасары,
Қазақ­стан Республикасының Еңбек Ері

ПІКІРЛЕР2
Аноним 09.11.2025 | 21:47

Сөзіңізге сенем

Аноним 23.11.2025 | 11:40

Мал

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір