АКТЕР МӘРТЕБЕСІ
03.06.2016
1153
0

photo_65161Қазақ  театр өнері 1960 жылдары үлкен жетістіктерге жетті. Ұлт сахнасына айтулы өзгеріс әкелген сол кездегі талантты буынның бір өкілі – Сәбит Оразбаев.

Жуырда Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. ұлттық сахна өнерінің абызына айналған актер Сәбит Оразбаевтың 80 жасқа толған торқалы тойы М.Әуезов атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық  драма театрында салтанатты түрде аталды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауын Мәдениет және спорт ми­нист­рі А.Мұхаме­диұлы оқып берді. Игі тілекке толы осындай хаттар ҚР Мем­ле­кет­тік хатшысы Г.Әб­­діхалықовадан, ҚР Пар­ламенті Сена­ты­ның төрағасы Қ.То­қаев­тан, Мәжіліс тө­рағасы Б.Ізмұхам­бе­товтен, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Мәмиден, Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның әкімі Б. Атамқұлов­тан және өзге де өңір басшылары мен лауазымды тұлға­лар­дан келді. Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың және Қазақстан Жазушылар одағының құттықтауын жеткізген ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Нұрлан Оразалин Сүйеу қартты сомдап, сүйкімді келбетімен танылған актерге арнаған өлеңін оқыды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір