КҮНШУАҒЫМ МЕНІҢ
Ақын әрі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Сәуле Досжанованың «Күншуағым менің» атты әдеби-танымдық жиын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтті.
Басқосуда жазушы Сәуле Досжанованың өмірі жайлы бейнематериал көрсетілді.
Университет басшысы Д.Нөкетаева: «Ақындық пен жазушылық сынды шығармашылықтың қос қырының тізгінін тең ұстаумен қатар, отбасы ұйытқысы бола білуіңіздің өзі зор мәртебе. Оған қоса, Қазақстан Республикасының «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дүкенбай Досжанов шаңырағының шырақшысы болып отыруыңыз – екінің бірінің маңдайына қона бермейтін бақ. Қазіргі таңда алты баланың аяулы анасы, сегіз немеренің сүйікті әжесі болдыңыз», – деді. Сонымен қатар, ректор қазақтың қаламгер қызы Сәуле Мағазбекқызының кеудесіне университеттің «Ұлағат» алтын медалін тағып, арқасына камзол жауып әрі киелі шаңырақтың қыздары тоқыған орамалды сыйға тартты.
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері ақын шығармаларынан композиция әзірлеп, жазушыға арнаған төл туындыларын оқыды.
Студенттермен жүздесу барысында С.Мағазбекқызы өз жауһар жырларын оқып берді.
Қыздар университетінің «Тұлғатану» бағдарламасы аясында жүздесуге келген қазақтың қаламгер қызы Сәуле Досжанованы сағынған оқырмандары, яғни ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушы студенттер естелік-фотоға түсіп, автограф алды.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.