Халықаралық ақындар ПЕН клубы ашылды
22.07.2025
236
1

Қазақстан Жазушылар кітапханасында Халықаралық ақындар ПЕН клубының (Poets International Pen Club) қазақстандық филиалы ашылуына байланысты жиналыс өтті.

2024 жылы Тайландта өткен клубтың (PIPC) құрылуына арнайы шақырумен қатысып, басқарма құрамына енген ақын, аудармашы, шығыстанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы, кешегі басқосуда халықаралық ақындар Пен клубының жарғысымен таныстырды. Жиын соңында PIPC Қазақстан филиалының басшылық құрамы сайланды. Дүкен Мәсімханұлы қазақстандық филиалдың төрағалығына, төрағаның орынбасары лауазымына ақын, әдебиетші ғалым, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Жақып пен ақын, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вячеслав Вавилин сайланды. Жауапты хатшы лауазымына ақын, философ, ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқан сайланды.
PIPC Қазақстан филиалының Басқарма мүшелігіне белгілі ақындар Әділғазы Қайырбеков, Мұрат Шаймаран, Жарас Сәрсек, Ерлан Жүніс, Саят Қамшыгер, Бақытгүл Бабаш, Ербол Бейілхан, Айгүл Жұмаділ, Камиль Мамукадз, Дәулетбек Байтұрсын, Бауыржан Қарағыз лайық деп табылды.
Жиналыс барысында Халықаралық ПЕН клуб (PIPC) төрағасының орынбасары, әлемге есімі белгілі ақын Хуан Ячжоудың құттықтау хаты оқылды. Ақын, Қырғызстан Ұлттық Жазушылар одағының жауапты хатшысы Ырысгүл Зият, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, публицист Фахриддин Ҳайиттың видео құттықтауы көрсетілді.
Әлем ақындарының басқосуында бәсімізді сынап, жыр туын желбіретер күн алда. Қазақ жырының қанаты талмасын!

ПІКІРЛЕР1
Аноним 23.07.2025 | 03:13

ПЕН клубтың жарғысын осы газетте жариялау керек қой.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір