Кітапқұмарлар клубы
24.11.2025
55
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің жанынан қыркүйек айынан бастап «Кітап талқы» деген оқырмандар клубы құрылып, жұмысын бастады. Айына бір рет Алматы қаласының түрлі саладағы жастары одақ кітапханасында бас қосып, қазақ балалар әдебиетінің үздік туындыларын оқып, талдап, шығарма авторымен кездеседі. Оқырмандар Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев, Молдахмет Қаназ, Сәуле Досжан т.б. белгілі жазушылардың шығармашылығын талдады. Кеңес төрағасы жазушы Елдос Тоқтарбайдың айтуынша, осындай әдеби клубтар Астана, Шымкент қалаларында да өз жұмысын жалғастырып, балалар әдебиеті туындыларын жан-жақты талдап, қоғамға кеңінен насихаттауға ықпал ететін болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір