Көшпелі пленум аясында өткен «Сөз – сыбаға» атты әдеби аукционы
Көшпелі пленум аясында бұрын- соңды болмаған ерекше форматтағы «Сөз – сыбаға» атты әдеби аукционы өтті. Аукцион барысында қаламгерлер еңбек адамының болмысын арқау еткен болашақ шығармаларына арнап идеяларын ұсынды. Ал меценаттар сол идеяларға қолдау білдіріп, шығармашылық процеске демеушілік жасауға ниет танытты.

Еңбек тақырыбындағы шығармашылық әріптестік:
1. Лот иесі: Балжігітовтер отбасы – елге еңбектерімен танылған, бүгінде Жылыой ауданының экономикасы мен әлеуметтік саласына елеулі үлес қосып жүрген әулет.
Жеңімпаз: Сәулеш Шатенова – ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы;
2. Лот иесі: Мұрат Әмірғалиев – «Амангелді» балық кооперативінің ұйымдастырушысы, өңірде балық шаруашылығын жаңа технологиялық жүйеге негіздеген кәсіпкер.
Жеңімпаз: Қанат Ғұмаров – жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі;
3. Лот иесі: Сабыржан Сұлтанов – облысқа танымал малбегі, асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалығының жетекшісі.
Жеңімпаз: Асланбек Шығыров – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
4. Лот иесі: Мұрат Сарманов – Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері, ауыл шаруашылығы саласының білгірі, «Нұр дала» агрофирмасының басшысы.
Жеңімпаз: Гүлзада Ниетқалиева – ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі;
5. Лот иесі: Жеңісбек Әбілхарес – тәжірибелі мұнайшы, облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымының депутаты, әлеуметтік мәселелерге жанашыр азамат.
Жеңімпаз: Назарбек Нұрмағанбетов – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
6. Лот иесі: Төкен Танаұлы – республикаға белгілі меценат, Құрмет, Парасат, ІІ және ІІІ дәрежелі Барыс ордендерінің иегері, «Теңізмұнайқұрылыс» АҚ-ның президенті.
Жеңімпаз: Әлия Дәулетбаева – ақын, аудармашы, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби және Махамбет сыйлықтарының иегері, Индер ауданының Құрметті азаматы, Жазушылар одағының Атыраудағы өкілі;
7. Лот иесі: Оразғали Қаршыгенов – энергетика саласының ардагері, Барыс орденінің иегері, облыстың Құрметті азаматы, бірнеше шақырылымда мәслихат депутаты болған тұлға.
Жеңімпаз: Бақытгүл Бабаш – ақын, «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Республикалық жастар поэзия фестивалінің бас жүлдегері:
8. Лот иесі: Владимир Розметов – Қазақстанның Еңбек Ері, «Атырау агроөнімдері» ЖШС-нің президенті, облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға орасан үлес қосып келе жатқан азамат.
Жеңімпаз: Төлеген Жаңабайұлы – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі, Құрмет орденінің иегері. «Іңкәр сезім», «Сырбаз сырлар», «Кәусар», «Шіркін, шындық», «Қыран қияға қонады», «Халқымен етене Халел хакім» сынды көптеген жыр жинақтары мен публицистикалық кітаптардың авторы. Төрттомдық шығармалар жинағы жарық көрген;
9. Лот иесі: Жақсы Ғабидолла – тарихтан белгілі «Гурьев» асыл тұқымды қой зауытының ардагері, әйгілі малбегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, қаракөл қой тұқымын асылдандыру нәтижесінде аспан түстес елтірі өндірісінің авторларының бірі – Кенжебаев Қапиздің ұрпағы. Жақсы Ғабидолла мырза әкесі туралы көркем туынды жаздыруға шешім қабылдап, аукционға қатысып отыр.
Жеңімпаз: Нұрлан Қабылов – белгілі көсемсөзші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Құрмет орденінің иегері.