«КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
24.12.2023
23
0

2023 жылдың 19 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК бірлесіп ұйымдастырған «Көшпелі халықтардың медицинасының зерттелу мәселелері» атты ғылыми семинары өтті. Онлайн ғылыми семинарға әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығы мен Ғылым Ордасының ғылыми қызметкерлерімен қатар, Түркия, Үндістан, Иран, Польша мемлекеттерінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысып, баяндама оқыды.

«Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығының директоры проф.м.а., доцент Зубайда Шадкам Ғылыми семинарды ашып, қонақтарды таныстырып, түрік, парсы, ағылшын тілінде модератор қызметін атқарды.

Ғылыми семинардың мақсаты: Орталық Азия кітапхана қорларындағы мединицалық қолжазбалардың зерттелу мәселелері.

Құрметті қонақтардан Медицина тарихы PhD, Иран медицина ғылымдары университетінің (IranUniversity of Medical Sciences) Медицина тарихы кафедрасы (department ofthe History of medicine), Парсы медицинасы факультеті (faculty of Persian medicine) қызметкері Мохаммад Садр (тақырыбы: «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ» қолжазбасының Ирандағы зерттеулері»);

Түркия Республикасы Нийде Омер Халисдемир Университеті (Niğde Ömer Halis demir Üniversitesi) Қазіргі Түркі Тілдері және Әдебиеті (Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları) кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мерием Арслан (Тақырыбы: «Ортағасырлық (XVI-XVII-ші ғасыр) медициналық трактаттардакездесетін наным-сенімдер негізіндегі халық емшілігі»); Ағылшын және шет тілдері университеті (The English and ForeignLanguages University), Азия тілдері кафедрасы (Department of AsianLanguages) Араб және азиялық зерттеулер мектебінің (School of Arab andAsian Studies) қауымдастырылған профессоры, PhD Махмуд Алам (Тақырыбы: «Хайдарабаддағы сирек қорлар және кітапханалар»); А.Мицкевич университеті, Шығыстану институты, Орта Азия зерттеулері бөлімшесінің (Познань, Польша) аға оқытушысы, PhD Қыдырбаева Үміт Тұрсынбайқызы (Тақырыбы: «Дастӯр ал-‘илāж» қолжазбасының грамматикалық ерекшеліктері») қатысты. Отандық зерттеушілерден Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО ғылыми қызметкерлері – PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы (Тақырыбы: «Түркі медициналық мұралары: деректері, қоры») және Кайранбаева Назым Нургельдиевна (Тақырыбы: «Ортағасыр медициналық трактаттарындағы емдік өсімдіктердің сипаттамасы») баяндама оқыды.

Ғылыми семинар AP19675139 «Ортағасырлық түркі медицинасының парсы тіліндегі мұралары: «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ»,«Асрāр ал-атиббā’» гранттық жобасының аясында ұйымдастырылды.

Мақала жолдаушы: Маулит Б.

 Мақала авторы: «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО аға қызметкері Н.Н.Кайранбаева

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір