Қайрат Байбосынов – Қазақ­станның Еңбек Ері
30.05.2025
106
0

Мемлекет Басшысының Жарлығымен ұлт­тық өнер майталманы, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлт­тық өнер университеті РММ-нің профессоры Қайрат Әукенұлы Байбосыновқа Қазақ­станның Еңбек Ері атағы беріліп, Отан орденімен марапат­талды.
Қазақ­станның Еңбек Ері атағына ие болған Қайрат Байбосынов бұл марапат­ты: «Ұлт­тық өнерге берілген баға», – деп атап өт­ті.
«Құрмет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы беріп отырған марапатыңызға көптен-көп алғысымды білдіргім келеді. Бұл тек маған ғана емес, бұл – ұлт­тық өнерге, дәстүрлі ән өнеріне беріп отырған сіздің бағаңыз. Жастарымыздың ұлт­тық өнерге деген құлшынысы арта берсе екен, деген ниетпен осы салада көп жылдан бері ұстаздық етіп келемін. Екіншіден, сахнада маған қошемет көрсеткен халқыма ризашылығымды білдіргім келеді. Осының бәрі халықтың арқасы», – деді Қайрат Байбосынов.

Қазақ­стан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлт­тық мәдениет­ті дамытуға және насихат­тауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақ­стан Республикасына сіңірген еңбегі үшін наградталды:

Парасат орденімен Ерболат Әуезов – «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-нің ғылыми қызметкері;

Салтанат Жамбылова – Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжат­тама басқармасы ММ, Жамбыл Жабаев атындағы Әдеби-мемориалдық музей МКҚК-нің директоры, Алматы облысы, Жамбыл ауданы;
ІІ дәрежелі Достық орденімен Сергей Дворцевой – Ресей және Қазақ­стан киносының режиссері, Алматы қаласы;
Қазақ­станның халық артисі құрмет­ті атағы берілді Александр Беляков – Алматы әуендері КМҚК Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі;
Алишер Каримов – әнші, Алматы қаласы;
Айгүл Қосанова – әнші, Құрманғазы а тындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясы РММ қауымдастырылған профессоры, Алматы қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір