«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ
20.05.2016
3421
0

Улы Дала Тарихи-обложкаЖуырда «Ұлы Дала тарихы» атты түрлі-түсті безендірілген кітап-альбом жарыққа шықты. Еңбекте Қазақстанның көне дәуірден бастап бүгінгі заманға дейінгі тарихы жөніндегі тың дүниелер көптеп қамтылған. Археологиялық экспедициялар кезінде түсірілген фотосуреттердің көпшілігі әлі еш жерде жарық көрмеген және ғылыми айналымға түспеген құнды дүниелер болып табылады.

Кітап Қазақстандағы археологиялық кешендер, көне түркі мемлекеттері дәуірі, орта ғасырлық мәдениет, ғылым, әдебиет, дін және моңғол шапқыншылығы кезеңдері жөніндегі бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлім тақырыптарға байланысты суреттермен толықтырылған. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі жайындағы иллюстрациялар мен деректер туындының өзектілігін, құндылығын арттыра түседі. «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрген бұл тағылымды кітап-альбомның авторлары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан мен саяси ғылымдар докторы Ералы Тоғжанов.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір