Нұрпейіс Байғанин туралы кеш
11.03.2025
146
0

Қазақ­стан Республикасы Мемлекет­тік орталық музейінде көрнекті ақын, жырау, Қазақ­станның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына арналған «Ер туралы жыр» атты мәдени-танымдық кеш болып өт­ті.
Кешті музей директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон ашып, ақын туралы деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Көрермен назарына музей қорында сақталған Нұрпейіс Байғаниннің фото-құжат­тары ұсынылды.
Мерейтойлық шарада әдебиет­танушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Жұмат Тілепов, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі, профессор Серікқазы Қорабай, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология орталығының жетекшісі, филология ғылымының кандидаты Жұмашай Рақышева, публицист, сценарист Қалдыгүл Жаныбаева, суретші Фатима Тарази сөз сөйлеп, жырау өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер айт­ты. Кеш соңында сөз алған Нұрпейіс Байғаниннің шөбересі Ерболат Байғанин көрмедегі атасының қамшысы тарихынан сыр шертіп, көпшілікке алғысын білдірді.
Шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің студент­тері қатысты.

Еңлік Шәкизада,
ҚР Мемлекет­тік орталық
музейінің қызметкері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір