Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтті
11.03.2025
118
1

2025 жылдың 28 ақпанында Астана қаласында Халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамы­ның VIII құрылтайы өт­ті. Ауқымды жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары мен аймақ делегат­тары қатысты.
Құрылтай жұмысына Қазақ­стан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов қатысып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, әдебиет­тің тіл дамытудағы рөлі мен жас қаламгерлерге қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.
Шара барысында қазақ тілін білім беру жүйесінде, IT саласында және заманауи технологияларда кеңінен қолдану бағытында атқарылған жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар Qazaq Tili Endowment қорының құрылуы, Disney және Sony студияларының фильм­дерін қазақ тіліне аудару, қазақ тілін үйретуге арналған QazaqLingo мобильді қосымшасын әзірлеу секілді жобалар жайлы ақпарат берілді.
Құрылтай қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітіліп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағыт­талған жаңа міндет­тер айқындалды.

Қазақ­стан Жазушылар одағының
баспасөз қызметі

ПІКІРЛЕР1
Қонақ 12.03.2025 | 12:03

Тіл саясаты комитетінің басына Ербол Тілешов деген жемқорды қойыпты. Ол жемқор да бірдеме дейтін болыпты. Ол «Тіл мәселесі эволюциялық жолмен шешілуі тиіс» дейтін болыпты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір