ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕДЕГІ ТҮРКІ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ
20.11.2023
92
0

Қазанның 5-8 күндері аралығында Түркияның астанасы — Анкара қаласында Түркі дүниесі жазушыларының V құрылтайы өтті.

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен ILESAM ұйымы (ғылыми және әдеби шығармалар авторларының кәсіби одағы) өткізген кезекті құрылтайда түркітілдес елдердің 100-ден астам өкілі бас қосты. Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының атынан Төраға орынбасары, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Қалибекұлы қатысты.
Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл жолғы құрылтайда түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениеті, ортақ әліпбиі, кітап және авторлық құқық мәселелері кеңінен сөз болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір