«Әл-Фараби 2024» халықаралық олимпиадасы өтті
29.03.2024
17
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби  2024» халықаралық олимпиадасы табысты өтті.

Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары арасындағы олимпиада дарынды жастарды қолдауға бағытталған.

ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті өткізген бұл білімділер сайысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен  ұйымдастырылып келеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған оқушыларға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға  түсуге жеңілдік берілді. ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген білім беру ұйымдарының олимпиада жеңімпаздарына ҚазҰУ-ға емтихансыз, жеңілдікпен түсуге құқық беріледі.

Олимпиада үш кезеңнен құралды:  1-ші және 2-ші кезеңдер online және 3-ші кезең офлайн форматында университет базасында өтті.

Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі пәндер – ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, орыс тілі және әдебиеті, неміс тілі, физика, француз тілі, химия, құқық негіздері бойынша өткізілді.

ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден қатысатын білім беру ұйымдарының түлектері үшін 1-ші кезең 12 наурызда, 2-ші кезең 19 наурызда  онлайн форматта өтті.

23-тен  жоғары балл алған олимпиада қатысушылары 3-ші кезең бойынша 28 наурыз күні университет аумағында өткен ақтық сынға қатысып, өз білімдерін сынады.

Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 3-ші кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер мен тест сұрақтарын қамтыды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша оқушылар эссе жазып, түрлі жағдайлардағы мәселелердің шешімін тауып, тест сұрақтарына жауап берді.

Білімділер байқауына қатысқан оқушылар олимпиада ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

Мақала жолдаушы:Маулит Б.

Мақала авторы:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір