«ТАУ МІНЕЗІ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛТАРТТЫ
04.03.2025
150
1

Жуырда Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, филология ғылымының кандидаты Тұрлыбек Мәмесейіттің «Тау мінезі» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға филология ғылымының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек модераторлық етті. Кітаптың тұсауын Еура­зия Ұлттық уни­вер­ситетінің акаде­мия­лық мәселелер жөніндегі прорек­торы Ардақ Бейсенбай, Ұлттық ғылым академиясы­ның академигі Шерубай Құр­манбайұлы, Жазушылар ода­ғының Астана филиалы директоры, «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, белгілі қаламгер Ораз Қауғабай, филология факультетінің деканы, ақын Серікзат Дүйсенғазы кесті.
Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі ақын Жанарбек Әшімжан: «Өмірін шығармашылыққа арнаған тұлға. Қа­ламгердің қай туындысын оқы­саңыз да, уақыттың тынысын, адамның іс-әрекетін, кейіпкерлерінің мінезін табиғи болмысымен қоса сезіне аласыз. Тұрлыбек аға Астана қаласының рухани тұрғыда өсіп-өркендеуіне де өлшеусіз үлес қосты. Шәкірт тәрбиелеу ісінде тер төкті. Алдағы уақытта қаламгердің есімін мәңгі есте қалдыру мақ­са­­тында өзі тұрған үйдің қабыр­ға­сына ескерткіш тақта орнатып, Жазушылар ода­ғы­ның Астана қалалық филиа­лы­мен бірлесіп, түрлі іс-шара­ны қолға аламыз», – дей келе, Тұрлыбек Мәмесейіт­тің есімін ел есінде қалдыру мәселесіне тоқталып, бастама көтерді. «Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар», «Беторамал», «Түсіме тау кіреді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулие-шоқы», «Тектінің кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым», «Таң­жарық» т.б. кітаптардың авторы Тұрлыбек Мәмесейіт туралы академик Шерубай Құрманбайұлы, Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы, ЕҰУ филология факультетінің деканы, ақын Серікзат Дүйсенғазы, Алма­тыдан онлайн қосылған белгілі жазушы, сыншы Нұрдәулет Ақыш пен ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы т.б. қаламгерлер мен әдебиеттанушылар ой-пайымдарын ортаға салды. 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 04.03.2025 | 13:43

Шерубай Құр­манбайұлы кітаптардың тұсауын кескенше, иек астында жемқор Ербол Тілешовтің жүргенін көрмей ме? Жемқордың жегенін желкесінен шығармай ма? Тіл саясаты комитетін өз қолына алмай ма?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір