Сөз – әлем әміршісі немесе рухани күш-қуаттың қайнар көзі

Сыншы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының кезекті кітабы «Sardar G» баспасынан жарық көрді.
Сөздің адам өміріндегі шешуші рөл атқаратыны жайлы ұлы Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» дегені еріксіз еске түседі. ХХ1 ғасырда айтылған осы бір сөздің күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқаны рас. Аталған кітапта автор Адам Ата жаралғалы бері адамзат қоғамын толғандырып келе жатқан «Адам не үшін өмір сүреді; өмірдегі мақсаты не; қайткенде бақытты болады?» деген секілді сауалдар төңірегінде ой өрбітіп, оған қоғам дамуының, білім мен ғылымның бүгінгі күн биігі тұрғысынан жауаптар іздей отырып, бұл істе сөздің шешуші рөл атқаратынына басты назар аударады.
Кітапта адамның өміріндегі, тағдырындағы негізгі қозғаушы күш ретіндегі ойдың, сөздің, істің жетекшілік қызметі күнделікті тіршіліктің тәжірибелеріне негізделе отырып, жан-жақты әңгімеленеді. Жаңа кітапты сөз қадірін түсінетін көзі қарақты қалың оқырманға мемлекеттік кітапханалардан алып оқуларына болады.