«ТАРИХЫМЫЗДЫ ДЕРЕКТАНУ АРҚЫЛЫ ТАНИЫҚ»
13.05.2016
2137
0

c21d002459a5ff2ecd65675191db32fdӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде деректанудың негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым Қамбар Атабаевтың құрметіне дәстүрлі «Тарихымызды деректану арқылы таниық» атты Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық зияткерлік сайысы өтті.

«Ғалымның хаты, жақсының аты өш­пейді» деген қазақтың сөзі Қамбар Ма­хам­бе­тұлына арналғандай. Ол Ұлт­тық тари­хы­мыздың қайнар көзі де­рек­терді та­­нып-білмей, оларды сыни тұр­ғыда тал­дамай шикі түрінде пайдалану тарихты бұрмалауға алып келеді деп жиі айтатын. Деректану ғылымының тео­риялық-мето­до­логиялық негіздерін жетік меңгеріп, Франция, Германия, Австрия, Испания, Ресей мен Украина­дағы бұл ғылымның даму бағыттарын зерделей келіп, Қазақс­тан­дағы деректану мектебінің қалыпта­сып, даму ерек­ше­ліктерін зерттеп, негізгі әдістемесін қалыптастырды. Сонау ежелден бүгінге дейінгі әрбір тарихи кезеңдегі пайда болған деректің өзіне тән ерекшелі­гіне сай пайдалану әдістемесінің формуласын жасап, нақты қолдану жолдарын көрсетті.  Деректанудың заңдылық­та­рын, әдістері мен принциптерін, ішкі және сыртқы сын, деректерді классификациялау, шынайылық  деңгейін анық­тау мә­се­ле­сінің бүге-шүгесін келешек кәсіп­қой тарихшы мамандарға үйретіп, шә­кі­рт­тер дайындады.

Профессор Қ.Атабаевтың бас­шы­лы­ғы­­мен 1998 жылы 1 қыркүйегінен әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ қабырғасында Қа­зақс­танда тұңғыш рет «Деректану  жә­не тари­хнама» кафедрасы жұмыс істей бас­тады. Бұл кафедрада Мем­ле­кет­тік «Мә­­дени мұра» бағдарламасы аясында ғы­л­ыми жобалар іске асырылып, ха­лы­қ­а­ра­лық және республикалық конференция­лар өткізілді. Кафедрадан бакалавр, магистрлер мен аспиранттар, докторлар зерт­теулерін сәтті қорғап, тү­леп ұшты. Рес­­пу­бликалық Ұлттық де­ректану ор­та­лы­­ғын ашуға да Қамбар Атабаев себепкер болған еді.

Марқұм профессор Қамбар Атабаев­тың шәкірттері т.ғ.к., Қазақстан тарихы ка­федрасының доценті Назия Тасилова мен дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Сәуле Жандыбаева, т.ғ.к., доцент Нұр­зипа Алпысбаева сайысты ұйы­м­дас­тыруға атсалысып, ұстазын ұлықтап, ғалымның артынан қалған өшпес мұрасын жас буынға насихаттады.

 Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.
Н.ТАСИЛОВА.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценттері, т.ғ.к.
Г.ЖАКУПОВА,
Н.АЛПЫСБАЕВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір