Кеңес отырысы өтті
13.02.2025
73
0

Орыс әдебиеті және әдеби байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиналысты кеңес төрағасы Василий Шупейкин ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қатысып, жанрлық кеңестің мақсат-мүддесін айқындап, кеңес мүшелері қойған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Жазушылар одағының биылғы жылғы атқаратын жұмыстары жайлы сөз сөйледі.

Отырыс барысында кеңес мүшелерінің қызметтік міндеттері нақты бөлініп, олардың атқаратын жұмыстары жүйеленді. Сонымен қатар қаңтар айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, жас авторларды Қазақстан Жазушылар одағына қабылдау мәселелері қарастырылды. Кеңес мүшелері жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.
Жиналысқа Кеңес төрағасының орынбасарлары Валерий Толмачев, Светлана Ананьева, Кеңес хатшысы Людмила Лазарева,
сондай-ақ Кеңес мүшелері Любовь Шашкова, Аслан Жақсылықов, Ерұлан Қанапиянов, Сағын-Гирей Байменов, Надежда Чернова, Карина Назырқызы, Анастасия Кириленко және Михаил Земсков қатысты.
Кеңесте Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының кеңесшісі Әміржан Қосанов Орыс әдебиеті және әдеби байланыстар жөніндегі кеңестің төрағасы мен оның мүшелеріне шығармашылық табыс тіледі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір