Драма кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Жазушылар одағында Драма жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиналысты кеңес төрағасы Аманкелді Мұқан ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.
Жанрлық кеңеске Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қатысып, драма кеңесінің мақсат-мүддесі мен қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Жазушылар одағының биыл атқаратын жұмыстарымен таныстырды.
Отырыс барысында алда өткізілетін кеңес жиынында 2024 жылға қорытынды баяндама жасауға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнертану факультетінің деканы профессор Меруерт Жақсылықова белгіленді.
Жыл қорытындысы аясында республикалық «Заманауи драматургияның талаптары мен өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізу; заманауи авторлардың үздік деген пьесаларын топтап жылына 1-2 «Драматургия альманағын» шығару; орыстілді драматургтерді ҚЖО драматургия кеңесінің жұмысына тарту, сондай-ақ кеңес мүшелерінің қызметтік міндеттері нақты бөлініп, олардың атқаратын жұмыстары жүйеленді.
Жиналысқа Жазушылар одағының хатшысы, сыншы, әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, Кеңес мүшелері: жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев, жас қаламгерлер Әлібек Байбол, Жәнібек Әлікен, Қолғанат Мұрат, Әлішер Айтуар қатысты.
Өз тілшіміз