МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
23.04.2024
205
0

17 сәуір күні «Масс-медиа туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары Мәжілістің екінші оқылымында қабылданып, Сенатқа жолданды.

Бұл туралы: «Жалпы жұмыс тобының қызу пікірталастарға толы 34 отырысы өтті. Бұдан бөлек, түрлі алаңдарда талқыланды. Комитеттің екі бірдей кеңейтілген жиыны өтті. Осы орайда жұмыс тобының жетекшісі ретінде барлық мүшеге, қоғам өкілдеріне, журналистер қауымына заң жобаларын талқылауға және жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді», – дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.
Сенат мақұлдап, Президент қол қойып, күшіне енсе, бұған дейінгі «БАҚ құралдары туралы» және «Телерадиохабар тарату туралы» заңдар күшін жояды.
Мәжілісте қабылданған Заң жобалары бойынша, пресс-карта туралы ереже алынып тасталды. Бірінші оқылымда аккредитация мен пресс-карта арасындағы түсінікті айыр­машылық жоқтығына байланысты бұл ереже дау туғызды. Нәтижесінде жұмыс тобы бұл талапты заңнан алып тастау туралы шешім шығарған.
2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі, отандық өндірістегі теле және радиобағдарламалар жалпы контенттің 55%-ын құрауы тиіс, 2027 жылдан бастап – 60% пайызды құрау міндеттелді. Шетелдік теле және радиобағдарламалардың отандық теле және радиоканалдардағы эфир уақыты аптасына 20%-дан 10%-ға дейін қысқартылады.
Сондай-ақ желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктер «интернет-басылым» деген бір ұғымға біріктіріледі. «БАҚ ақпараттық агент­тік хабарламалары мен материа­лын тарату кезінде сілтеме жасау міндетті», – дейді мамандар. Бұған қоса арнайы мекеме қызметкерлерінің БАҚ-қа жауап беру мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Журналистер телефон арқылы ауызша, жазбаша немесе электрондық құжат түрінде сауал жолдауға құқылы. Қабылданған Заң жобасы бойынша, сауалхатқа бес жұмыс күні ішінде сауал келген тілде және формада жауап берілуі керек. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір