Одақ жұмысына оң баға
21.10.2025
73
0

Облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде белгілі алматылық жазушы-ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрдәулет Ақыштың 75 жас мерейжасына орай шығармашылық кеш өтті. Нұрдәулет Ақыш – қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы «Алтынсарин алауы» атты роман жазған қаламгер.

Кешке тарих ғылымның докторы Аманжол Күзембай, ыбырайтанушы белгілі ақын -ғалым Серікбай Оспанов, ҚЖО-ның облыстағы өкілі, сыншы Жанұзақ Аязбекұлы, ақын-ғалым Ақылбек Шаяхмет және басқалары жазушы шығармалары, «Алтынсарин алауы» романы туралы өз ойларын ортаға салды.
Шығармашылық кездесуде жазушы Ыбырай туралы көлемді романның жазылуы туралы тартымды дерек-дәйек­терді айта келе, Қазақ­стан Жазушылар одағы атқарып жатқан елеулі іс-шараларға арнайы тоқталды. Әсіресе Одақтың кейінгі жас толқынға қамқорлығы, балалар әдебиетін дамыту жолындағы мақсатты шаралардан хабардар етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір