2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы»
12.02.2025
336
0

«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз»

 Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев

 

Қазақстанда жұмысшы мамандықтары біраз уақыт бойы төмен бағаланып келді. Өйткені жоғары білім алу және басқарушылық қызметтерге ұм­тылу басым болды. Бірақ бүгінде пост­кеңес­тік елдерде жұмысшы мамандық­тары қайта бағаланып, сұраныс артып келеді және олардың әлеуметтік мәртебесі де өсуде. Мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық колледждерге қолдау көрсету арқылы аталған салада оң өзгерістер байқалуда. Оған себеп индустрия, автоматтандыру және жасанды интеллект технология­ларының дамуы жұмысшы мамандықтар­да­ғы қажетті дағдылар мен талаптарды өзгертуінде жатыр.

Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі басталды.  Бұған Президенттің 2025 жылды Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы да жақсы әсер еткендей. Жал­пы айтқанда Мемлекет басшысының бұл шешімі жұмысшы ма­ман­дықтарының экономикадағы маңыз­ды­лығын арттыру, еңбек нарығындағы тапшылықты жою және жастарды жұ­мысшы мамандықтарға тарту мақсатымен байланысты. Сондай-ақ бұл қадам елдегі кадр тапшылығы, индустриализацияның дамуы және жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру қажеттілігінен туындады.

Жұмысшы мамандар деп-кәсіби білім алған, өз мамандығын терең меңгеріп, дағдыланған азаматтарды айтамыз. Демек кәсіби білім алу арқылы белгілі бір мамандықты шебер игерген адамды жұмысшы мамандық иесі дейміз. Осындай мамандық иесін дайындау үшін теориялық білімнен гөрі практикалық үйретуге басымдық берген жөн. Міне осы мақсатта Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде, қазіргі кезде әлемде техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылатын, оқытудың дуальды жүйесіне 100 пайыз көшті.Колледже төрт мамандық бойынша мамандар дайындаймыз:

Тігін өндірісі және кимідерді модельдеу

Киім дизайны

Шаштараз өнері

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Бұл оқыту жүйесіболашақ маман иелелеріне нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге мүмкіндік береді. Дуальдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

Дуальды оқыту жүйесіне көшкенде қандай артықшылықтарды байқадық:

  1. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
  2. Білімді болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.
  3. «Тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.
  4. Жұмыс берушінің білім алушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған білім алушы, өзінің білімі мен ынтасын көрсетеді.
  5. Теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.

Осындай кезеңдерден өткен студент теориядан тәжірибеге нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкешілікпен қарайды деп сенеміз.Сонымен қатар әлеуметтік серіктестерден өндірістік машықтану кезінде үйреніп, тәжірибелі мамандардан жаңа жабдықталған технологияларда жұмыстар жасайды.

Біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Шәкірттеріміз сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүійспеншілігін еңбек нарығында кәсіби маман ретінде көрсетсе дейміз.

Джунисалиев Ж.С.,
Алматы сән және қызмет көрсету саласы
колледжінің директоры

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір