Болашақта қай мамандықтар жойылады?
03.10.2025
108
0

Айым ДҮЙСЕНБІ, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ журналистика факультетінің 1-курс студенті

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігі болашақта танымал болатын мамандықтар туралы айт­ты.
Министрлік Қазақ­станда шамамен 2,2 миллион жұмыс орнын технологиялар мен жасанды интеллект алмастыруы мүмкін.

Қазірден бастап қай саланы меңгеру керек?

  • жасанды интеллект саласындағы әзірлеу және инжиниринг
  • деректерді талдау
  • киберқауіпсіздік
  • жаңартылатын энергетика
  • «жасыл» технологиялар мен орнықты даму
  • HR және кадрларды басқару
  • оқыту, тәлімгерлік, тренинг
  • психология және кеңес беру

Microsoft зерт­теуіне сәйкес, жойылу қаупі төнген мамандықтар қатарында аудармашылар, жазушылар, телефон операторлары, радио жүргізушілер, саясат­танушылар, математиктер және тіпті хостес қызметі де бар.

Қай мамандықтар «жойылады»?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, олар талдау жүргізіп, осал және болашағы бар негізгі мамандық топтарын анықтаған. Қауіп аймағына «ақпарат­ты өңдеу, құжат айналымы және қарапайым операциялық міндет­терге» байланысты кәсіптер кірген.

«Бұл санатқа әкімшілік және кеңсе қызмет­тері жатады: хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер, бухгалтерлік және есеп қызметкерлері. Дәл осы мамандықтардың міндет­тері автомат­тандыруға көбірек ұшырайды, өйткені олардың функцияларының басым бөлігі жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер арқылы орындала алады», – деді министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауапта.

Қауіп төнген мамандықтар

Болашақта қайталанатын жұмысты атқаратын мамандықтар да жоғалуы мүмкін:

конвейер мен құрастыру желісіндегі жұмысшылар – өндірістің робот­тандырылуына байланысты;

жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілері – жүргізушісіз көліктердің пайда болуына байланысты;

кассирлер – өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары мен автомат­тандырылған жүйелердің енгізілуіне байланысты;

колл-орталық операторлары – оларды жасанды интеллект пен чат-бот­тар алмастыруы мүмкін;

тракторшылар мен комбайн жүргізушілері – ауыл шаруашылығында автомат­тандырылған техниканың енгізілуіне байланысты.
Министрлік цифрландыру, климат­тың өзгеруі және демографиялық жағдай да қатарлас салаларға әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір