Мемлекет басшысының «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы жарық көрді 
28.01.2025
105
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» ат­ты аудиокітабы жарыққа шықты. Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы аудиокітап форматындағы жаңа шығармалармен толығып келеді.

Порталдың жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудио­кітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған. 
Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді. Президент­тің отбасы құндылықтары, борыш пен жауапкершілік, аға ұрпақтың мұрасы туралы ой-толғаулары кітапта айқын көрініс тапқан
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туындысында баян­даған толғаныстары жас ұрпақ тәрбиесі үшін мәні терең, маңызы зор. Кемел Тоқаев ХХ ғасырдағы отандық әдебиет­те жарқын із қалдырды. Шығармалары қаламдастары, сыншылар мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан мен Кеңес Одағында бестселлерге айналды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір