«ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ» энциклопедиясы жарық көрді
24.12.2024
87
0

19 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасында С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ұзақ жылдар бойғы басшысы, белгілі ақын Әділғазы Қайырбековтің және сол музейдің ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен он жыл аясында дайындалған «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Энциклопедияда қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, академик Ғ.Мүсіреповтің өмір жолының деректері, өскен ортасы, шығармаларының жазылу тарихы, өзге елдермен әдеби байланыстары, өмірден түйген ой-тұжырымдары, замандастарының лебізі молынан қамтылған. Кеш модераторы энциклопедияның құрастырушысы әрі жауапты редакторы Әділғазы Қайырбеков болды. Энциклопедияның алғы сөзін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова және Ә. Қайырбеков жазған. Кітаптың көлемі 47 баспа табақ. Энциклопедияның таныстырылымында ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі М.Ахетов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы М.Құлкенов, қоғам қайраткерлері, КСРО Халық артисі, Еңбек Ері А.Әшімов, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Н.Оразалин, Ә.Асқаров, көрнекті әдебиет зерттеушісі әрі сыншы ғалым Ж.Дәдебаев, әдебиет сыншысы Ә.Меңдеке, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Рәззат Сағындықова т.б. зиялы қауым өкілдері, жазушының шығармашылығы, өмір өткелдері туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиынға белгілі ғылымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері және жазушының қызы Гауһар Мүсірепова, жиендері қатысты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Еркін Шүкіман тыңдармандарды Ақан сері мен Біржан сал әндермен сусындатты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір