ЖАЗУШЫСЫН ҰЛЫҚТАҒАН АҚЖАЙЫҚ
06.05.2016
2154
0

IMG_6462Жуырда  Ақ-жайық атырабы белгілі  жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есләмғалиұлының туғанына 70 жыл толу мерейтойын  атап өтті.

Әдеби іс-шараға жазушы жары  Мұх­сина  Әбуқызы  және  Жұмабай Шаштай­ұлы, Көпен Әмірбек, Ақұштап Бақты­гереева,  Жа­нарбек Әшімжан бастаған бір топ қаламгерлер қатысты. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ар­ман Кәрімұлы меймандарға  ыстық ықы­лас танытып: «Егер жазушы көзі тірі болса, биыл жетпіс жасқа толар еді. Соңына өш­пес мұра қалдырған абзал азаматты ұрпа­ғы, ел-жұрты ешқашан ұмытпайды. Ақ-жайық жұртшылығы болып Мұқадес Ес­ләм­­ғалиұлының мерейлі тойына арналған үлкен шараны жоспарлы түрде ұйым­дас­тырудамыз. Ол кісі өмірден өтсе де, ош­а­ғының түтінін түтетіп, ұрпағын өсіріп отыр­ған Мұхсина апамыз ортамызда», – деді.  Қазақстан Жазушылар одағының атынан Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан жазушының жары Мұхсина Есләмғалиеваға шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап- ғылыми  кітапханада,  Қадыр Мырза-Әлі атын­дағы мәдениет және өнер орталы­ғын­да басталған  мазмұнды іс-шаралар ертеңгі күні Сырым ауданы орталығында жал­ғас­ты.

«Сырым шыққан төбенің» тұсынан  мей­мандарды Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков қарсы алып,   Аудандық  Мәдениет үйінде «Тарих тамырынан нәр ал­ған жазушы» атты еске алу кеші өтті.

Жиналғандар әуелі Сырым шыққан қасиетті төбеге барып, ата-баба рухына тағ­зым етіп, Қадыр Мырза-Әлінің ескерт­кі­ші бой көтерген саябаққа барды. Мұнда сырымдық балғындар ескерткіш алдында өлең оқыды.  Ақын-жазушылар Ақұш­тап Бақтыгереева мен Жұмабай Шаш­тай­ұлы Сырым елінің игі-жақсыларына жы­лы лебіздерін арнады. Мәдениет үйін­дегі мұражайда  «Қара сөздің шебері» атты кітап көрмесі қойылды. Жастар жағы жазушының әңгіме-повестерінен үзін­ді­лер оқыды. «Тарих тамырынан нәр алған жазу­шы» атты кеш  жазушы Мұқадес Ес­ләмғалиев туралы «Қазақстан-Орал» телеарнасы түсірген бейнефильмнің көрсе­ті­лімінен басталды. Кеште  сөз алған  Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ас­лан­бек Сарқұлов  Мұқадес Есләм­ға­лиев­ті ұлықтауға арналған  бұл шараны БҚО әкімдігі, ҚР Жазушылар одағы бас­қар­­масы облыстық бөлімшесі, облыстық мә­­дениет, мұрағаттар және құжаттама бас­­қармасы басшылығы ұйым­дас­тыр­ға­нын атап өтті.

Бұдан соң өңірдегі  бір топ зиялы қа­уым­­ға сөз беріліп, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері, ақын Ақұштап Бақ­ты­гереева: « Бүгін Сырым елі өзінің тағы бір қаламгерінің мерейтойын тойлап отыр.  Қазақ даласы мен қазақ баласы аман болса,  талантты ұл-қыздарының берері де мол болады. Абай өз алдына, Мұ­қағали өз алдына. Енді Қадыр оқу­ла­рына қоса, Мұ­қадес оқуларын өткізу керек. Оның шы­ғар­маларын жастарға оқыту арқылы сөй­леу мәдениетіне үй­ретуіміз керек», – деді.

Шарада Орал пединститутында жазу­шының бірге оқыған досы, ақын Айтқали Нәріков сиясы кеппеген сағынышқа толы өлеңін оқыса, қаламгер  Мира Шүйін­-шә­лие­ва 2002 жылы ақжайықтық  делегация Алматы қаласына құрылтайға барғанда Жазушылар үйінде Мұқадес Есләм­ға­лие­в­пен ең алғаш және соңғы рет жүз­дес­кен­дігін айтып, қаламгердің шығармашылы­ғына терең тоқталды.

Сонымен қатар, «Қара сөздің шебері»  атты көрме жанында  «Әйтеке би» тарихи-философиялық романынан үзінді оқы­лып, «Тамаша» ойын-сауық отауында бас редактор қызметін атқарған Мұқадес Есләмғалиұлының репертуарынан «Сый­лық» интермедиясы қойылды.

Жиын соңында жазушының зайыбы   Мұхсина Есләмғалиева шараны ұйым­дас­тырушыларға алғыс білдіріп, отба­сы­ның атынан ризашылықтарын жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір