«Ұлт рухын ұлықтаған қаламгер»
09.10.2023
182
0

29 қыркүйек күні Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №4 кітапхана-бөлімшесінде Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған қаламгер» атты әдеби-сазды портрет кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары мен көрермендеріне экран арқылы «Қаһарлы жылдардың қайсар қаламгері» атты презентация көрсетіліп, мерейтойлық баннер қойылды.
Әдеби кешnе арнайы «Қазақ әдебиетінің ақиығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының ғұмырнамасы, өскен ортасы, жастық шағының қызықты кезеңдері туралы сыр шертетін кітаптар және әдеби шығармалары, қаламгерлердің естеліктері қойылды. Мәдени іс-шараға Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, режиссер, драматург Ерсайын Төлеубай, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Дина Есенжан, филология ғылымының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлжахан Орда, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмабай Құлиев, жазушы, драматург, көптеген әдеби сыйлықтардың жүлдегері Нұрлан Қами шақырылды.
Сондай-ақ Қаскелең Мәдениет колледжінің «Парасатты оқырман» клубының мүшелері мен ұстаздары, Алматы Полиграфия колледжі, Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің студенттері мен ұстаздары, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті құрамындағы кәсіби білім беру колледжінің студенттері және №124 гимназияның оқушылары мен ұстаздары қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір