ЕРТЕГІ – БӨБЕК ЕРТЕҢІ
06.05.2016
1687
0

Obl_En_keremet_dam_TPGАлматыдағы «Ол-Жас» баспасынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ең керемет дәм» деген атаумен (құрастырған Байбота Қошым-Ноғай) қазақ қаламгерлерінің балаларға арнап жазған ертегі-әңгімелерінің антологиялық басылымы жарық көрді.

Антологияға «Ертегі – бөбек ертеңі» айдары тағылған. Бұл кітапқа ұлы педагог Ы.Алтынсариннен бастап, әдебиетіміздегі алыптар тобының өкілдері М.Ж.Көпейұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, т.б. әйгілі қаламгерлердің, қазақ балалар әдебиетінің  төл  өкілдері С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, Қ.Жармағамбетов, М.Әлімбай, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, М.Гумеров, Қ.Толыбаев, О.Әубәкіров сынды көрнекті жазушылардың барлығы 78 қаламгердің 98 ертегі-әңгімелері еніп отыр.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір