ЫНТЫМАҚ – ДОСТЫҚ НЕГІЗ
Алматыдағы Алатау ауданы жұртшылығы «Халық» саябағында бірлік күні мерекесін тамашалады. Шараға ауданның білім, денсаулық сақтау сала қызметкерлері және аудандық ардагерлер ұжымы, тағы басқалар қатысты.
Аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен алаңда мемлекеттік қызметкерлер арасында спорт ойын түрлері – Футбол мен волейболдан сайыс өткізіліп, бірінші орынды прокуратура командасы, екінші орынды Алатау аудандық ХҚК орталығының ұжымы жеңіп алды. Ал үшінші орынды ішкі істер басқармасы қызметкерлері иеленді.
Аудан әкімі Бағдат Мәнізоров халыққа жылы лебізін білдіре тұрып: «Мемлекетімізде бірнеше ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Соған қарамастан тату әрі сыйластығымыз бен достығымыз жарасқан елміз. Сырт көздің арандатушылығынан ада болсақ, алынбайтын қамал болмайды», – деді.
Иә, бірлігіміз артып, татулығымыз жараса берсін дейміз.