БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БҰЛЖЫМАС БАҒДАРЫ
26.04.2024
383
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті.

Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апаты салдарын еңсеру үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы да ортақ істен шет қалмай, белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Мемлекет басшысы әділдік, инклюзивтілік, прагма­тизм қағидаларына негізделген және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін жаңа экономика үлгісіне көшуді мақсат тұтатындықтан Ассамблеяның кезекті сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталғанын мәлімдеп, барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтты.
Жиында Республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов, ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті Юрий Шин, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев, Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдігінің төрағасы Александр Урмашов, Жетісу облысындағы Достық үйінің директоры Руфина Усанова сөз сөйледі. Сондай-ақ түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген өзге этнос өкілдері «Достық», «Ел бірлігі» ордендерімен марапатталып, сый-сыяпатқа ие болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір