ӘДЕБИ ДОСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА КІТАПТАР
25.04.2024
1003
0

Қоғам тұрақтылығының алтын қазығына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы іргелі істерді қолға алуда. Бұл ұшқын қазақ-ұйғыр достығының әдеби байланысынан анық көрінуде. Жуырда «Бар екен де, жоқ екен…» ертегілер кітабы ұйғыр тілінде жарық көрді. Оны дайындаған «Дастарқан», «Апта және он екі ай», «Сырлы хат» повестерінің, «Саусақтар ойыны», «Ақ бұлт», «Тапқыр болсаң тауып көр», «Ерте, ерте, ертеде», «Ертегілер әлеміне саяхат», т.б. балаларға арналған он төрт кітаптың авторы, жазушы Авут Мәсімов.

Кітап толығымен аудармадан тұрады. Ганс Христиан Андерсен, Шарль Перро, Герминия Цур-Мюлен, Сакариас Топелиус, Ангел Каралийчев, Газарос Агаян сынды әлем әдебиетінің майталмандары ертегілерінің қатарында қазақ халқының көрнекті балалар жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейсенбай Сүлейменовтің «Горилла адам» және «Туған күніңмен, Айтұмсық» ат­ты екі ертегісі орын алған.

* * *

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Иминжан Тохтияровтың «Пай, пай, заман-ау» ат­ты өлеңдер жинағының 2 томы ұйғыр тілінде жарық көрді. Ақын бұл кітабындағы өлеңдерінде адамдар арасындағы түсініспеушілік, қоғамдағы кемшіліктер туралы тебірене жырлайды.
Кітаптың екінші бөлімі «Әдеби достық – мәңгілік достық» деп аталады. Бұл бөлімде ақын екі халық арасындағы достықтың мәңгілік екенін дәлелдейді. Онда қазақ балалар әдебиетінің классигі Қадыр Мырза-Әлі, ақын Шөмішбай Сариев, Бақыт Беделхан мен Қалқаман Сариндердің өлеңдері берілген.

Гүлминәм БАСИТОВА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір