Әдеби достық шуағы
24.09.2024
258
0

ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ-қытай әдеби байланыстары жайлы «Әдеби достық шуағы» атты халықаралық іс-шара өтті. «Шыңжаң газеті» редакциясы мен «Көршілес» журналының редакциясы, «Бейжің Шанс халықаралық мәдени алмасу» ЖШС, «Шығыс әдебиеті» баспасы, ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырған бұл кездесуді ақын, аудармашы Саят Қамшыгер жүргізді.

Алғашқы сөзді алған Алматыдағы Қытай бас консулдығының вице-консулы Люй И мырза іс-шараның маңызына тоқталып, әдеби-мәдени байланыстарды қолдайтынын білдірді. Көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қазақ-қытай мәдени байланыстары, атқарылып жатқан әдеби жобалар, арғы бетте дүниеге келген ақын-жазушылардың шығармалары жайлы тереңнен сөз қозғады. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп, жыр оқыды.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген ғалым, қытайтанушы Қайрат Ғабитханұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Керімбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жолдыбай Мұзафаров екі халықтың әдеби-мәдени байланыстары жайлы сөйледі. Жетігенші Тұрсынай Әлібекқызы қазақтың ұлттық әуендерін тамылжыта орындаса, дәстүрлі әнші Мадияр Өмірғалы «Дудар-ай» әнін шырқады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «Таң дәуірі» поэзиясын, Либайдың жырларын мәнерлеп оқыды. Іс-шараны «Шығыс әдебиеті» баспасының басшысы Жеңіс Омар қорытындылады.

Ажар ҒАББАСОВА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір