Қазақ әдебиетінің алтын қоры
17.12.2024
164
0

Құрмет­ті Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және қаламгерлер!
Сіздерді Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығымен шын жүректен құт­тықтаймыз! Бұл мерейтой – ұлт­тың рухани мәдениеті мен әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан еліміздің ең беделді шығармашылық ұйымдарының бірі.
Қазақстан Жазушылар одағының тарихы терең және оның шығармашылық жолы қазақ әдебиетінің алтын қорына айналды. Осы 90 жыл ішінде сіздердің қаламдарыңыздан туған шығармалар көптеген ұрпақ үшін рухани азыққа айналды. Ұлт­тың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, тұтастығын қаламмен өрнектеп, тек қазақ жұртына ғана емес, әлемге де таныт­тыңыздар.
ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстан Жазу­шы­лар одағының шығармашылығына үлкен құрметпен қарайды. Сіздердің туын­дыла­рыңыздың түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі зор. Әдебиет – халықтар арасындағы көпір, ал сіздер сол көпірді мықтап байланыстырып, түркі әлемінің рухани бірлігін қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар.
Бұл 90 жылдық мерейтой – тек Қазақстанның әдебиеті үшін емес, бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік. Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа биіктер тілеп, келешекте де ұлт әдебиетін дамытудағы еңбектеріңіз жалғасын таба берсін дегіміз келеді.

Сұлтан РАЕВ
Халықаралық ТҮРКСОЙ
түркітілдес
мәдениеті
ұйымының
бас хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір